Еліміздің әртүрлі су қоймаларында төрт жасөспірім суға батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің әртүрлі су қоймаларында төрт жасөспірім суға батып кетті

Еліміздің әртүрлі су қоймаларында төрт жасөспірім суға батып кетті

Өткен тәулікте Қазақстанның әртүрлі облыстарындағы су қоймаларында төрт жасөспірім суға батып кетті ,- деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып KZ-today агенттігі.

  • 20 Маусым 2003
  • 364
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Ақмола облысының Дорофеевка ауылында тоғанда суда жүзіп жүрген 10-жасар ұл суға батып кетті. Баланың мәйітін құтқарушылар тауып алды.

Ал Алматы облысындағы Есік өзенінде 14-жасар қыз суға кетті. Оның мәйіті әзірге табылған жоқ.
Ал Атыраудағы Орал өзеніндегі жүзуге тыйым салынған жерде 13-жасар ұл суға батып кетті. Қазір құтқарушылар баланың денесін іздестіруде.
Тағы бір осындай қайғылы оқиға Оңтүстік Қазақстан облысының Құлан ауылында болды. Су қоймасында жүзіп жүрген 17-жастағы қыз суға ағып кетіп, қыздың мәйітін құтқарушылар тауып алды.

Соңғы жаңалықтар