Еліміздің әскери прокурорлары ант берді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің әскери прокурорлары ант берді

Еліміздің әскери прокурорлары ант берді

Бүгін, 10-қазанда Ақтөбеде еліміздің әскери прокурорлары ант берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Батыс әскери округінің бас әскери прокуроры Ахметқали Молдағалиев хабарлады.

  • 10 Қазан 2003
  • 692
Фото - Caravan.kz

Қостанай, Петропавл, Ақтау, Атырау және еліміздің басқа да қалаларынан келген 11 әскери прокурор еліміздің Батыс әскери округінің негізінде кәсіптік машықтандырудан өтті. Оқыту шарасы «Өнеге» атты бағдарлама аясында жүзеге асырылып, соған сәйкес заң саласындағы жоғары оқу орындарының түлектері өздерінің аға әріптестерінің тәжірибесінен үйренді.

Биыл жас мамандарды машықтандыру және оларға ант қабылдату орны ретінде Ақтөбе қаласында орналасқан Батыс әскери округі таңдалған. Оған себеп, Ақтөбедегі криминалистика және сот сараптама мамандары еліміз бойынша үздік мамандарға саналады. Әскери прокуратурада атап көрсеткеніндей, алдағы жылы республикалық жарыстың жеңімпазы атанып, ең үлгілі округ мәртебесіне ие болған әскери округ жастарды оқыту құқығына ие болады.

Соңғы жаңалықтар