Қостанай, Петропавл, Ақтау, Атырау және еліміздің басқа да қалаларынан келген 11 әскери прокурор еліміздің Батыс әскери округінің негізінде кәсіптік машықтандырудан өтті. Оқыту шарасы "Өнеге" атты бағдарлама аясында жүзеге асырылып, соған сәйкес заң саласындағы жоғары оқу орындарының түлектері өздерінің аға әріптестерінің тәжірибесінен үйренді.
Биыл жас мамандарды машықтандыру және оларға ант қабылдату орны ретінде Ақтөбе қаласында орналасқан Батыс әскери округі таңдалған. Оған себеп, Ақтөбедегі криминалистика және сот сараптама мамандары еліміз бойынша үздік мамандарға саналады. Әскери прокуратурада атап көрсеткеніндей, алдағы жылы республикалық жарыстың жеңімпазы атанып, ең үлгілі округ мәртебесіне ие болған әскери округ жастарды оқыту құқығына ие болады.
Еліміздің әскери прокурорлары ант берді
