Н.Назарбаев ата-бабамыздың тарихында еш уақытта болмаған түгел шекараны белгілеп, «халықаралық құқықтық деңгейде ең жақын көршілеріміз — Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Ресеймен арадағы шекарамызды айқындап алдық» , деп атап көрсетті. Бұл жұмыстар 1994-жылы басталған , ал қазіргі жағдаймен біз «халқымыздың тарихында алғаш рет 14 мың шақырымдық мемлекеттік шекарамызды белгіледік»,- деді мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы келісімге 2005-жылдың 18-қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары кезінде қол қойылды.