Еліміздің ауылшаруашылығы саласына 6,5 мың маман қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің ауылшаруашылығы саласына 6,5 мың маман қажет

Еліміздің ауылшаруашылығы саласына 6,5 мың маман қажет

Бүгін, 20-сәуірде Астанада ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен өткен кеңесте ауылшаруашылығына арнап маман дайындау проблемалары мен осы саланың қазіргі жай-күйі туралы талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 966
Фото - Caravan.kz

Кеңеске министрліктер мен мекеме басшылары, Қостанай және Қарағанды облысы әкімдерінің агроөнеркәсіптік кешен мәселесін жауаптанған орынбасарлары, ауылшаруашылығы бағытында маман дайындайтын жоғары оқу орындары, коллеждер мен кәсіптік-техникалық мектептердің басшылары қатысты.

Кеңесте атап көрсетілгеніндей, қазіргі жағдаймен еліміз жоғары кәсіби білім игерген 6,5 мыңдай аграрлық сала мамандарына зәру. Әсіресе азық-түлік және өңдеу салаларындағы маман тапшылығы тіптен өткір болып тұр.
ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары Геннадий Гамарниктің айтуынша, жоғары білімі бар ауылшаруашылығы мамандарын дайындау жұмысы толастаған емес. Қазір негізінен сала мамандарын Алматы, Орал және Астанадағы республикалық жоғары білім ошақтары дайындауда. Ал 39 ауылшаруашылық коллежі мен ауылдардағы 126 кәсіптік мектеп (лицейлер) бастауыш және орта кәсіптік білім игерген мамандарды оқытып шығаруда.
Министр орынбасарының айтуынша, аталмыш білім ошақтарының барлығында да материалдық-техникалық база ескірген, оқу-әдістемелік құралдар, соның ішінде әсіресе мемлекеттік тілдегілері жетіспейді, оқыту-тәжірибелік бөлімдер деген мүлдем жоқ, студенттер мен оқушыларды оқыту шығындары өте төмен. Ауылшаруашылығы министрлігі басшыларының пікірінше, осындай себептердің барлығы да маман дайындау сапасына кері әсер етіп, түлектерді жұмысқа орналастыру жағдайына нұқсан келтіруде.
Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім игерген мамандар дайындауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі ауылшаруашылығы бағытындағы ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының сұранысын қанағаттандыра алмай отыр.
Кеңесте атап көрсетілгеніндей, қазіргі агроөнеркәсіптік салаға бірінші кезекте шаруашылық іс-әрекеттерінің нәтижесіне талдап, алдын-ала болжам жасай алатын, өндірістік технология мен ұйымдастыруды, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорын мен кооперативтің ғана емес, сонымен бірге жалдамалы ұжымдар мен шаруа қожалықтарының да технологиясы мен ұйымдастырылуын жеттік меңгерген білікті мамандар қажет.
Кеңес қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін мамандармен қамтамасыз ету» жөніндегі таяу перспективаға арналған бағдарлама жобасын жасау ұйғарылды. Бұл жұмысқа министрліктер мен мекеме басшылары, облыс әкімдері қатысады. Сондай-ақ, республикамызда агроөнеркәсіптік кешен мамандарын қайта дайындау және олардың біліктілігін шыңдау жүйесін құру, жоғары білімнен кейінгі білім игеру жүйесінің жағдайын жақсарту, жоғары, орта және кәсіптік білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту қажет болып отыр.

Соңғы жаңалықтар