Еліміздің ауылшаруашылығы саласына бөлінетін субсидия көлемі азайтылады - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің ауылшаруашылығы саласына бөлінетін субсидия көлемі азайтылады - ҚР президенті

Еліміздің ауылшаруашылығы саласына бөлінетін субсидия көлемі азайтылады - ҚР президенті

Еліміздің ауылшаруашылығы саласына бөлінетін субсидия көлемі азайтылумен бірге бұдан былай ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындарға баса назар аударылатын болады. Бұл туралы 26-тамызда Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында "Заречное" РМК фермерлерімен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Тамыз 2004
  • 651
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өткелі отырған қазіргі таңда дихандар өздері баптап өсірген өнімді бәсекелестік қабілетке ие болдыру үшін оның сапасына айрықша назар аударуы қажет, деді мемлекет басшысы. Бидай өсіруге деген қазіргі заман талабына сай көзқарасқа мысал ретінде Н.Назарбаев «Заречное» РМК-ін атады. Бұл шаруашылық соңғы бірнеше жыл бойы ылғал үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, егін шаруашылығының қағидаларына қатаң бағыныштылық орнатқан.

Биыл Заречное шаруашылығының егістік алқаптарындағы жоғары сортты бидайдың орташа түсімі бір гектардан 26 центнерді құрайды деп күтілуде. Облыс бойынша тұтастай алғанда бір гектардан 11 центнерден астам түсім жиналады деген болжам бар.

Перейти к новостям спорта