Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясатының сабақтастығын сақтап қалу қажет - ҚР қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясатының сабақтастығын сақтап қалу қажет - ҚР қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттігі

Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясатының сабақтастығын сақтап қалу қажет - ҚР қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттігі

Еліміздің банк саласында пруденциалдық реттеу саясатының сабақтастығын сақтап қалу қажет. Бүгін, 15-қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің ІҮ конгрессінде сөз сөйлеген ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қараша 2004
  • 1183
Фото - Caravan.kz

Б.Жәмішевтің айтуынша, пруденциалдық реттеу «тәуекелдерді талдауға, капитал, ликвидтілік, активтердің классификациясы мен резерв қалыптастыруға деген қатал талаптарға» негізделуі тиіс. «Бұл банктердің шығынын біраз арттыратынын біз әрине түсінеміз, бірақ, банк жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатын одан да маңызды деп санаймыз»,- деді ол.

Сондай-ақ, Б.Жәмішевтің айтуынша, «Агенттік банктердің несиелік қоржынына стресс-тест түріндегі тексеруді ұдайы өткізіп отыру, несиелік тәуекелдерді басқару жөніндегі банкішілік процедураларға қойылатын талаптарду күшейтуді көздеп отыр». «Несие алушылардың келісім-шарттарын орындау тәртібін күшейтуге және банктер үшін тәуекелді азайтуға түрткі болушы құрал ретінде біз несиелік бюроны дамытуға белгілі дәрежеде сенім артып отырмыз»,- деді Б.Жәмішев.
«Қазір еліміздің банк саласындағы тәуекелдердің артуы Агенттікті алаңдатады»,- деді Б.Жәмішев. Атап айтсақ, «отандық банктердің шетелдік рыноктарға ден қоюы елге қатысты тәуекел түрінің анағұрлым артуына апарып соқты». Б.Жәмішевтің пікірінше, «Қазақстанда тәуекелдің бұл түрін жете бағаламау көрінісі белең алып отыр». Осыған байланысты Агенттік «кейбір пруденциалдық реттеу нормаларын қайтадан қарау қажет» деп санайды.
Бұған қоса Б.Жәмішевтің айтуынша, «банктердің шетелдік рыноктарға шыға бастауы мен таратылған несиелер көлемінің шұғыл артуы салдарынан шетел валютасындағы операциялар саны артты. Сонымен бір уақытта депозиттердің басым бөлігі ұлттық валютамен ашылуда. Ал кейінгі кездері негізгі әлемдік валюталар құнының тұрақсыздығы байқалып отыр».
«Пруденциалдық реттеу аясында Агенттік валюталық позиция бойынша шектеуді төмендетуге, валютаның ликвидтілігіне мониторинг жүргізу тәртібін енгізуге мүмкіндік бар деп санайды»,- деді Б.Жәмішев.

Перейти к новостям спорта