Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы 2004-жылғы ақпан айында 243,4 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы 2004-жылғы ақпан айында 243,4 млрд. теңге болды

Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы 2004-жылғы ақпан айында 243,4 млрд. теңге болды

Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы 2004-жылғы ақпан айында 1,08%-ке өсіп, 243,4 млрд. теңге болды. Банктердің жиынтық активтері 3,54%-ке өсіп, 1707,2 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін, 10-наурызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова хабарлады. Е.Бахмутованың айтуынша, 2004-жылдың ақпан айында қаржылық міндеттемелерді өтеуге қажетті жеке капиталдың ең төменгі мөлшерін көрсететін К1 коэффиценті

  • 10 Наурыз 2004
  • 367
Фото - Caravan.kz

0,10 , ал К2 коэффиценті (жеке капиталдың бірінші деңгейлі жеке капитал активтері мен тәуекелділікті ескерген активтерге қатынасы) 0,17 болды.

Банктердің несиелік қоржынының сапасы 2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен айтарлықтай өзгере қойған жоқ, деді Е.Бахмутова. Соның ішінде стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 62,6%-ті, күмәнді кредиттер 36,4%-ті, үмітсізі — 2,4%-ті құрады. 2004-жылғы ақпандағы жағдаймен, стандартты кредиттер үлесі 61,5%-ті, күмәнді кредиттер 35,4%-ті, үмітсізі — 2,1% болды.
2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен, Қазақстанда екінші деңгейдегі 35 банк, соның ішінде 2 мемлекеттік («Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ мен «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) банк, шетелдердің қатысуымен құрылған 16 банк (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердің 10 еншілес банкін қосқанда) пен «Қазақстан даму банкі» жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар