Банктердің несиелік қоржыныбанкаралық несиелерді қосқанда наурыз айында 2,89 процентке өсіп, 1 174,5 млрд. теңгеге жетті. Банктердің несиелік қоржынының сапасы 2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен айтарлықтай өзгере қойған жоқ, деді Е.Бахмутова. Соның ішінде стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 62,8%-ті, күмәнді кредиттер 34,6%-ті, үмітсізі — 2,6%-ті құрады. 2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен, стандартты кредиттер үлесі 62,2%-ті, күмәнді кредиттер 35,4%-ті, үмітсізі — 2,4% болды.
Банктердің заңды және жеке тұлғалардан тартқан салымдарының жалпы көлемі өткен аймен салыстырғанда 9,2%-ке ұлғайып, 1 075,3 млрд. теңге болды. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары арнайы тағайындалған еншілес ұйымдар салымдарының есебінен 13,4%-ке ұлғайып, 716,8 млрд. теңге болды. Жеке тұлғалардың салымдары 1,8%-ке ұлғайып, 358,5 млрд. теңгені құрады.
2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен, Қазақстанда екінші деңгейдегі 35 банк, соның ішінде 2 мемлекеттік («Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ мен «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) банк, шетелдердің қатысуымен құрылған 16 банк (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердің 10 еншілес банкін қосқанда) пен «Қазақстан даму банкі» жұмыс істеді. 15 банк сот шешімі бойынша таратылу үстінде.