Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы 2004-жылғы наурыз айында 249,1 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы 2004-жылғы наурыз айында 249,1 млрд. теңге болды

Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы 2004-жылғы наурыз айында 249,1 млрд. теңге болды

Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы 2004-жылғы наурыз айында 1,76%-ке өсіп, 249,1 млрд. теңге болды. Банктердің жиынтық активтері 4,59%-ке өсіп, 1785,6 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова хабарлады. Е.Бахмутованың айтуынша, 2004-жылдың наурыз айында қаржылық міндеттемелерді өтеуге қажетті жеке капиталдың ең төменгі мөлшерін көрсететін К1 коэффиценті 0,10 , ал К2 коэффиценті (жеке капиталдың бірінші деңгейлі жеке капитал активтері мен тәуекелділікті ескерген активтерге қатынасы) 0,16 болды.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

Банктердің несиелік қоржыныбанкаралық несиелерді қосқанда наурыз айында 2,89 процентке өсіп, 1 174,5 млрд. теңгеге жетті. Банктердің несиелік қоржынының сапасы 2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен айтарлықтай өзгере қойған жоқ, деді Е.Бахмутова. Соның ішінде стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 62,8%-ті, күмәнді кредиттер 34,6%-ті, үмітсізі — 2,6%-ті құрады. 2004-жылғы 1-наурыздағы жағдаймен, стандартты кредиттер үлесі 62,2%-ті, күмәнді кредиттер 35,4%-ті, үмітсізі — 2,4% болды.

Банктердің заңды және жеке тұлғалардан тартқан салымдарының жалпы көлемі өткен аймен салыстырғанда 9,2%-ке ұлғайып, 1 075,3 млрд. теңге болды. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары арнайы тағайындалған еншілес ұйымдар салымдарының есебінен 13,4%-ке ұлғайып, 716,8 млрд. теңге болды. Жеке тұлғалардың салымдары 1,8%-ке ұлғайып, 358,5 млрд. теңгені құрады.
2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен, Қазақстанда екінші деңгейдегі 35 банк, соның ішінде 2 мемлекеттік («Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ мен «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) банк, шетелдердің қатысуымен құрылған 16 банк (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктердің 10 еншілес банкін қосқанда) пен «Қазақстан даму банкі» жұмыс істеді. 15 банк сот шешімі бойынша таратылу үстінде.

Соңғы жаңалықтар