Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы бір айда 2,7 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы бір айда 2,7 процентке артты

Еліміздің банк секторының жиынтық жеке капиталы бір айда 2,7 процентке артты

2005-жылдың тамыз айындағы жағдаймен еліміздегі банк секторының жиынтық жеке капиталы 441,4 млрд. теңгені (шамамен 3,2 млрд. долларды) құрап, бір айда 2,7 процентке артты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2005
  • 387
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық банктердің жиынтық активтері 1,3 процентке артып 3420,3 млрд. теңгеге жетті. Банкаралық несиелерді қоса есептегенде банктердің несиелік қоржыны бір айда 2,6 процентке өсіп, 2336,3 млрд. теңгеге жетті (17,2 млрд. доллар).

Өткен айда несиелік қоржынның сапалық жағдайы болмашы жақсарды. Мәселен, маусым айында стандартты несиелердің үлесі 61,1 процентті құраса, 1-тамыздағы жағдаймен бұл көрсеткіш 61,2 процентке дейін өсті. Ал үмітсіз несиелердің үлесі маусым айындағы 2,5 проценттен шілде айында 2 процент дейін кеміді. Ал күмәнді кредиттер 0,4 процентке артты. Шілде айында мұндай несиелердің үлес салмағы 36,8%-ті құраған болатын. Осы орайда күмәнді несиелердің әдетте стандартты несилердің қатарына өтетінін ескерсек, күмәнді несиелерге қатысты көрсеткіш несиелік қоржынның сапасын бағалауда шешуші өлшеуіш болып табылмайды.

Перейти к новостям спорта