Еліміздің банк жүйесінің жиынтық жеке капиталы 2003-жылдан бері 5,6 есе өсті - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің банк жүйесінің жиынтық жеке капиталы 2003-жылдан бері 5,6 есе өсті - президент

Еліміздің банк жүйесінің жиынтық жеке капиталы 2003-жылдан бері 5,6 есе өсті - президент

АСТАНА. 15-қараша. Kazakhstan Today. Еліміздің банк жүйесінің жиынтық жеке капиталы 2003-жылдан бері 5,6 есе өсіп, қазір 7 млрд. долларға жетті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан қаржыгерлерінің ҮІ конгрессі барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қараша 2006
  • 442
Фото - Caravan.kz

Қазақстан президентінің айтуынша, осы мерзімде банктердің активтері 5,7 есе артып, 51,7 млрд. долларды құрады. «Екінші деңгейлі банктердің активтерінің жалпы ішкі өнімге шаққандағы арақатынасы көрсеткіші қазір 75,4 процентті құрайды, бұл Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне сәйкеседі. Қаржы рыногының басқа көрсеткіштері бойынша да Қазақстан осы елдердің деңгейіне жетіп қалды»,- деді Н.Назарбаев. Зейнетақы жинақтарының көлемі бүгінде 6,5 млрд. долларға тең.

«Келесі жылдың басынан бастап біз валюта режимін либерализациялаудың жаңа кезеңіне көшеміз. Ол сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылардың әкімшілік шығындарын азайтып, Қазақстанның инвестициялары, тауарлары мен қызмет түрлерін әлемдік нарыққа шығаруға түрткі болады»,- деп мәлімдеді президент.

«Бұның бәрі де еліміздің қаржы секторының дамуына біздің сенімді іргетас қалағанымызды айғақтайды. Еліміздің қаржы нарығы — біздің мақтанышымыз, Қазақстанның бәсекелестіктегі артықшылығы, Бұны сіз бен біз, жеке меншік сектор мен мемлекеттің бірдей қатысуымен, осы екеуінің күш-жігерімен қалыптастырдық»,- деді Елбасы. «Осындай конструктивті ынтымақтастық экономиканың басқа салаларында да орнауға тиіс деп ойлаймын. Осы жылдарда өз жұмысының тиімділігін дәлелдей алған Қаржыгерлер қауымдастығының жұмыс тәжірибелері мен әдістері олардың бәрі үшін де маңызды»,- деді ел президенті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта