Еліміздің барлық аймақтары мен экономика салаларында негізгі экономикалық даму ағымдары сақталып қалды - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің барлық аймақтары мен экономика салаларында негізгі экономикалық даму ағымдары сақталып қалды - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі

Еліміздің барлық аймақтары мен экономика салаларында негізгі экономикалық даму ағымдары сақталып қалды - ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің мәліметі бойынша, қаңтар-қыркүйек айларында ең төменгі инфляция деңгейі тіркелді, атап айтсақ, 2002-жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2003-жылдың қыркүйегінде инфляция 2,8 процентті құрады. Бұл туралы бүгін, 21-қазанда өткен үкімет отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов хабарлады.

  • 21 Қазан 2003
  • 967
Фото - Caravan.kz

Министрдің мәліметтеріне сәйкес, азық-түлік өнімдерінің бағасы 1,8%-ке, азық-түлікке жатпайтын өнімдердің бағасы 4,7%-ке, ақылы қызметтердің құны 3%-ке өсті. Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда көтерме тауар айналымының көлемі 10%-ке, байланыс қызметінің ауқымы 25,6%-ке артты.

2003-жылғы 1-қазандағы жедел мәліметтер бойынша, мемлекеттік бюджет түсімдері 775,9 млрд. теңгені құрап, 2002-жылғы 1-қазандағы көрсеткішпен салыстырғанда 29,8%-ке артты. Мемлекеттік бюджеттің дефициті 871,7 млн. теңгені құрады.
Кедендік статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 30%-ке артты. Соның ішінде экспорт 8,07 млрд. долларды (өсім 40%), импорт 5,023 млрд. долларды (өсім 18%) құрады.
«Еліміздің барлық аймақтары мен экономика салаларында тоғыз айда негізгі экономикалық даму ағымдары сақталып қалды»,- деді Қ.Келімбетов. Әйтсе де, министрдің айтуынша, төртінші тоқсан- «шешуші тоқсан» болмақ. Ал дәл қазіргі таңдағы алда тұрған маңызды міндеттер ретінде министр «астықты толыққанды жинап сақтау, әлеуметтік нысандарды қысқа әзірлеу » жұмыстарын атады.

Соңғы жаңалықтар