Еліміздің барлық өңірінде діни рәсімдер біркелкі өткізілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің барлық өңірінде діни рәсімдер біркелкі өткізілетін болады

Еліміздің барлық өңірінде діни рәсімдер біркелкі өткізілетін болады

Мүфтият еліміздің барлық өңірінде діни рәсімдерді өткізу тәртібін біріздендіру бойынша жұмыс жүрізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

  • 18 Қыркүйек 2017
  • 234
Фото - Caravan.kz

"Соңғы кездері өңірлерде бір мағыналы рәсімдерді имамдар әртүрлі атқарады деген шағым көбейіп кетті. Сондықтан, біз ҚМДБ-мен рәсімдерді біріздендіру керек деген келісімге келдік, қазір бұл мәселе шешілуде", — деді Мәжілісте өткен үкімет сағатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев. 

"Бұл догмалық, канондық мәселе, сондықтан біз бұл мәселенің мазмұнына араласпай, мүфтиятқа ұсыным бердік. Қазір мүфтият бұл жұмысты жүргізіп жатыр. Мысалы, таяуда мүфтият жаназа шығару бойынша кітап шығарды, оны барлық өңірге таратып берді", — деп түсіндірді отырыстан кейін Ермекбаев БАҚ өкілдеріне. 

Бұдан бөлек, оның айтуынша, имамдар корпусының жұмысы бұқаралық-насихат жұмысынан нысаналы аудиториямен нақты жұмыс жүргізуге көшіріліп жатыр. 

Сондай-ақ білікті және білімді имамдар пулы құрылған. Олар деструктивті ағымдардың өкілдерімен  жұмыс жүргізеді. 


"Сонымен қатар ҚМДБ біздің ұсыным бойынша мешіттерде өзін-өзі ұстаудың бірыңғай ережелерін әзірлеп, енгізді. Теологиялық білім беру жүйесінде ҚМДБ-ға барлық медреселерді медресе-колледждер етіп қайта құру жұмыстарына жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр", — деп баяндады Ермекбаев. 

Имамдардың біліктілік деңгейін арттыру аса маңызды. Сондықтан "Нұр Мүбәрәк" университетінің базасында экстремизмнің алдын алу саласында қайта даярлау институты құрылды. Осы институтта биыл 40 имам және теолог-маман қайта даярлаудан өткен. Келесі жылы олардың саны 100-ге жеткізілмек.

 

Соңғы жаңалықтар