Турнирге қатысуға 22-ден астам елдің командалары шақырылған. Турнир бәсекелері 11 салмақ дәрежесінде ASBC ережелеріне сәйкес және Азия бокс конфедерациясының техникалық ресми өкілдерінің бақылауымен өтеді.
Қатысуға келісім берген командалар құрамында — Әлемнің, Еуропаның және Азияның чемпионаттары жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Мамырдың 24-інде сағат 16.00-де Чемпионаттың ашылу салтанаты болады, сағат 17.00-ден сайыстар басталады.
Әйелдер боксы 2012 жылы өтетін Олипиадалық ойындардың бағдарламасына енгізілді, Азия Чемпионатының Қазақстанда өтуі әйелдер боксының бүкіл әлемде танылғанын айғақтайды.
Астанада Азияның үздік спортшылары жиналуы себепті БАҚ өкілдерін осы айтулы шараға қатысуға шақырамыз және Чемпионатты насихаттауға қолдау көрсетуді сұраймыз.
Мамырдың 27-сінде — ширек финал, 29-ында — жартылай финал, 30-ында — финалдық бәсекелер өтеді.
Барлық жекпе-жектер күн сайын «Дәулет» спорттық теннис кешенінде (Саябақ аумағы, Қабанбай көшесі, 6/1) сағат 17.00-ден басталады. Кіру — тегін.
Чемпионат аясында екі халықаралық комиссияның: Азия бокс конфедерациясы Әйел комиссиясының және Азия бокс Комиссиясы Жарыстар жөніндегі комиссиясының мәжілістері өтеді. Осынау жоғары беделді спорттық шараларға — Азия бокс конфедерациясының президенті Жан Пинг Чанг, АБК Атқарушы директоры Гуожэнг Жэнг, Қазақстан мен жарысқа қатысушы елдердің министрліктері мен спорттық ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.