Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ақмола облысы СЭҚ департаменті директорының қызметтен кеткенін растады - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ақмола облысы СЭҚ департаменті директорының қызметтен кеткенін растады

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ақмола облысы СЭҚ департаменті директорының қызметтен кеткенін растады

Еліміздің бас санитарлық дәрігрі Жандарбек Бекшин қарамағындағы қызметкері парамен ұсталған Ақмола облыстық СЭҚ департаменті директоры Кенжебек Шайсұлтановтың қызметтен кеткенін растады.

  • 15 Қаңтар 2013
  • 326
Фото - Caravan.kz

«Департаментте санитарлық қызмет мамандары шара қолданбау үшін прокурорларға пара берген. Қызметкерлері пара бергеннен кейін департамент директоры қызметтен кету туралы өтініш берді (…). Әрине, мұның оны есеңгіретіп жібергені анық», — деді Ж.Бекшин сейсенбі күні Астанада өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазір К.Шайсұлтанов сырқатына байланысты демалып жатыр. «Бұл мәселені ол жұмысқа шыққаннан кейін шешеміз», — деді бас санитарлық дәрігер.
Сонымен қатар, ол К.Шайсұлтановтың бұл қылмысқа қатысы жоқ екендігін атап өтті.