Еліміздің бас судьясы Қайрат Мәмидің үлкен қызы не тіршілік жасауда? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бас судьясы Қайрат Мәмидің үлкен қызы не тіршілік жасауда?

Еліміздің бас судьясы Қайрат Мәмидің үлкен қызы не тіршілік жасауда?

Caravan.kz медиа-порталының редакциясы еліміздегі танымал қоғам қайраткерлерінің өмірі туралы жазуды жалғастырады.

  • 19 Қазан 2016
  • 3006
Фото - Caravan.kz

Айнұр Мәми – Қазақстан Жоғарғы соты төрағасының үлкен қызы. Негізі, Қайрат Мәмидің үш баласы бар. Олар: Айнұр (1979 ж.т.), Эльвира (1982 ж.т.) және Мирас (1988 ж.т.).

Бас судья Zakon.kz порталына берген бір сұхбатында өз балаларының ешқайсысының заңгер мамандығын таңдамағанын айтқан болатын.

«Екі қыз, бір ұлым бар. Ешқайсысы да менің жолымды қумады. Яғни отбасымызда заңгер жоқ. Екінші қызым мен ұлым шетелдегі беделді оқу орындарын бітірген. Айтқандай, олар «Болашақ» бойынша оқыған жоқ. Менің балаларым өз жолын тапқан. Бәрін өздері істеп жатыр. Олар менің атымды, қызметімді пайдаланбайды» деген еді Қ.Мәми.

Қайрат МәмиҚайрат Мәми

Сондай-ақ, ол үлкен қызы Айнұрдың анасының жолын қуғанын айтты: «Үлкен қызым анасының жолын қуып келе жатыр. Оның күйеуі де шенеунік қой. Сондықтан ол өзі білім алған, біз дайындаған жолдан бас тартты».

Айнұр Мәмидің күйеуі – бұрынғы байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев. Инвестиция және даму министрінің орынбасары да болған ол былтырдан бері «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясын басқарады. Жұмағалиевтердің екі баласы бар: қызы Мириам (2003 ж.т.), ұлы Қайсар (2006 ж.т.).

Асқар ЖұмағалиевАсқар Жұмағалиев

Айнұр Мәмиді табыскер бизнес-леди деуге болады. Ол – бірнеше компанияның иесі, тағы бірнеше фирманың қосалқы құрылтайшысы әрі акционері. Қайырымдылықпен айналысады, сән-салтанатқа толы шараларға барады. Жеке өмірін жұртқа жаймайды. Instagram-дағы аккаунтын жабық түрде жүргізеді.

Айнұр Мәми, оның анасы Мақпал Ахметова және Айжан Есім (Ахметжан Есімовтің қызы) – Алматыдағы «Я сам» балаларға білім беру орталығының иелері.

Орталық мектеп жасына дейінгі балаларға білім берумен қатар оларды тәрбиелеумен айналысады.

"Я сам" балаларға білім беру орталығының ұжымы

Айнұр Динара Юнусова және Алуа Сыздықовамен бірге Californication компаниясын да иеленіп отыр. Бұл – Алматыдағы брендтік бутик.

Californication бутигіCalifornication бутигі

Мәми, Юнусова және Сыдықова 2014 жылы өздерінің Californication Home бутигінде қайырымдылық «дивандық кешін» өткізді. Одан жиналған қаржы Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ онкогематология бөлімшесіне ойын бөлмесін салуға берілді.

Динара Юнусова, Айнұр Мәми, Меруерт Ибрагим, Гүлнар Диярова, Алуа СыдықоваДинара Юнусова, Айнұр Мәми, Меруерт Ибрагим, Гүлнар Диярова, Алуа Сыдықова

Осы қыздар өткен жылдың сәуір айында да Calimood қайырымдылық аукционын өткізді. Одан түскен 700 мың теңге жойқын су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысына жіберілді.

Динара Юнусова, Айнұр Мәми және қайырымдылық шарасының қонақтарыДинара Юнусова, Айнұр Мәми және қайырымдылық шарасының қонақтары

Айнұр Астанадағы Californication Beauty SPA және йога орталығын жеке өзі иеленіп отыр.

Californication Beauty SPA және йога орталығыCalifornication Beauty SPA және йога орталығы

Аталған орталықтың Instagram-дағы парақшасына жарияланған суреттерге қарағанда, еліміздегі әйелдердің алғашқы интернет-порталының негізін қалаушы, белгілі журналист Айгүл Мүкей Californication Beauty-дің жиі қонағы әрі серіктесі сияқты.

Айнұр биыл Constella бутигінің лотереясын ұтып алды. Сөйтіп, оған зергер Петр Аксеновтің жаңа коллекциясынан әшекей бұйым тарту етілді.

Айнұр Мәми fashion-бизнестен бөлек ауыл шаруашылығымен де айналысады. Ол – Greenhouse Kazakhstan компаниясының, яғни Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының қосалқы иесі.

Ескертпе: барлық ақпарат ашық дерек көздерінен алынған.