Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputnik хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел соғады — 15-20, ұйытқуы — 23 м/с.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с, Жамбыл облысында ұйытқуы — 23 м/с.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман, жел — 15-20 м/с.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.