Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бəсекелестік пен тұтынушылар құқығын қорғау комитеті ҚазАқпарат агенттігінің сауалына жауап беру барысында хабарлапты.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұтынушылары үшін тауарлық газ бағасын көтеру туралы хабарлама жіберді. Бағаны қымбаттатудың негізгі себебі — Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы қоғамдастықтың газ тарату жүйесі бойынша тауарлық газды тасымалдау қызметіне тарифтердің ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген шекті деңгейінің өзгеруі болып отыр. Сондай-ақ шикізат пен материал құнының, өзге ұйым қызметтерінің қымбаттауы сынды тауарлық газды бөлшектеп сату бойынша қоғамдастық шығындары көбейіп кеткен», — делінген Комитет төрағасының орынбасары Асан Дарбаев қол қойған хатта.