Еліміздің бірнеше облысы көктайғақтың азабынан әлі құтыла алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірнеше облысы көктайғақтың азабынан әлі құтыла алмай отыр

Еліміздің бірнеше облысы көктайғақтың азабынан әлі құтыла алмай отыр

Еліміздің бірнеше облысы көктайғақтың азабынан әлі құтыла алмай отыр. Әсіресе, Қостанай, Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағдай қиын. Мұнда қар аралас жауған жаңбыр айналаны мұзға айналдырған. Салдарынан сүрініп құлап, аяқ-қолдарын сындырғандар саны еселеп артуда. Тіпті, Семейде 52 жастағы әйел мұзға құлап жан тапсырған. Тас жолдағы жағдай да мәз емес. Қарағанды облысында көктайғақтан автобустар соқтығысып, жолаушылары зардап шекті.

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz

Қыс емес көктем, қар емес жаңбыр. Бұл қыс келсе тоңып жүретін семейліктер үшін тосын жәйт. Жаңбыр соңы мұзға айналып, қозғалысты қиындатса, жұрт жаппай жығылып жазым болып жатыр.

-Мұз мұз сұмдық!

Сондықтан травматологиялық бөлімшелер науқастарға лық толы. Кешелі бері тайып құлап аяқ қолын сындырғандар саны 230-дан асып кеткен. Тіпті, 52 жастағы әйелдің ажалы осы мұздан болды. Көктайғақтан сүрініп құлаған Семей тұрғыны басымен оңбай мұзға соғылыпты.

Құмар Сейлханов, травматолог:

-Бүгін түске дейін ғана 43 адам жеткізілді. Оның 8-нің жағдайы ауыр. Жараланғандар еселеп артып отыр. Басым бөлігі көк-тайғақтан құлап жарақат алғандар.

Қостанайлықтар да осы көк тайғақтың азабын тартып отыр. Жолдың беті мұз, бірақ оған тұз сеуіп, тазалап жатқан жан жоқ. Сондықтан жүк көлігінің жүргізушілері алыс жолға шығуға қорқып ,осында екі тәулік жатыр.

Владимир Самойлов, көлік жүргізушісі:

Қостанайға дейін 260 шақырым бойы мұз деп жатыр. Енді қорқып отырмын. Жол апатына түсіп отбасымды асырап отырған көлікті құртқым келмейді.

Ал, қорықпай жолға шыққандар арасында апатқа ұшырағандар  жетерлік. Жүз жақты жолаушы үшін де бұл қайғылы аяқтала жаздады. Өйткені, Қарағанды облысында жолаушыға толы екі бірдей автобус соғылып біреуі аударылып қалған. Соның ішінде болған үш адам зардап шекті. Ал, апатқа көктайғақ себеп.

Еліміздің бас қаласындағы жағдай да мәз емес. Мұнда көктайғақтан таңнан бері кептеліс. Ал, 700 астам техника мен 3 мыға жуық жұмысшы көшелерді қар мен мұздан тазартып жатыр. Ал, синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Айтуларынша, алдағы үш күнде Ақмола облысында жауын жауып дауыл тұрады. Бұл сәйкесінше Арқадағы елді мекендер мен жолдарды алып мұз айдынына айналдыратыны анық. Сондықтан бұл күндері ұзақ жол мен көшеге шығарда аса сақ болған абзал.

Соңғы жаңалықтар