Әсіресе еліміздің Шығысында қыс басталмай жатып қаһарын көрсетуде. Онда ауа температурасы-23, кей аудандарында бірден-26 градусқа дейін суытады. Сондай-ақ, қар жауып, аталған аймақтарда бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан Өскеменнен ауыл-аймақтарға қатынайтын бірнеше жол уақытша жабылды. Ал өткен демалыс күндері қардың қалың түсуінен Шығыс Қазақстандағы тауларда екі рет қар көшкіні жүрген.