Қазгидромедтің мәліметінше, бірден он облыста табиғат тосын мінез танытады. Оңтүстікте шаңды дауыл көтерілсе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да найзағай ойнап, дүлей жел соғады және бұршақ жауады. Павлодар, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында да ауа райы бұзылып, жауын-шашын болады. Бұл аймақтарда өрт шығу қаупі жоғары дейді мамандар.