Еліміздің бірқатар елді мекендерінде жұқпалы іш аурудың белең алу мүмкіндігін болжауға болады - эпидемиологиялық қадағалау комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірқатар елді мекендерінде жұқпалы іш аурудың белең алу мүмкіндігін болжауға болады - эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Еліміздің бірқатар елді мекендерінде жұқпалы іш аурудың белең алу мүмкіндігін болжауға болады - эпидемиологиялық қадағалау комитеті

Еліміздің бірқатар елді мекендерінде жұқпалы іш аурудың белең алу мүмкіндігін болжауға болады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне берген сұхбатында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин мәлімдеді.

  • 20 Қазан 2004
  • 599
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, көп уақыттан бері су құбыры желісі жаңартылмаған елді мекендерде жұқпалы аурулардың белең алу мүмкіндігі зор. Б.Байсеркиннің айтуынша, еліміздегі су құбыры желілерінің басым бөлігі 70-ші жылдары салынған және содан бері мүлдем жаңартылған жоқ. Жыл сайын еліміздегі су құбыры желілерінде 3 мыңдай апат шығып, 78 процентінің ғана залал-зардабы алғашқы сағаттарда жойылады. Ал Б.Байсеркиннің айтуынша, «апат зардаптарын жою мерзімі ұзарған сайын ағызынды сулардың су құбыры жүйесіне құйылып кету салдарынан жұқпалы індеттердің таралу мүмкіндігі арта түспек».

Б.Байсеркин осы орайда жуырда ғана Көкшетауда іш аурудың етек алу оқиғасын еске салды. Оның айтуынша, 12-16-қазан аралығында бұл қалада 85 адам, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 61 бала «қантышқақ» деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі комитетінің төрағасының айтуынша, тұрғындардың жаппай іш ауруына шалдығуына су құбыры жүйесіндегі апат түрткі болған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, тағы да осындай себеппен Қарағанды облысының Абай қаласында 500-ден астам адам гепатиттң «А» түріне шалдықты.

Перейти к новостям спорта