Оның айтуынша, комитетке өзімен бірге кинорежиссер Рашид Нұғманов, профессор Нұрболат Масанов пен бірқатар БАҚ-тардың бас редакторлары енген. «Жемқорлықтың елімізде кеңінен етек жаюы осындай бірлестік құруға түрткі болды. Бұл шикізат секторына да, оңды-солды үлестіріле бастаған Астанадағы жерлерге де, жергілікті жерлерде белең алған ірілі-ұсақты жемқорлық оқиғаларына да қатысты»,- деді Т.Тоқтасынов. Оның айтуынша, аталмыш қоғамдық бірлестік еліміздегі жемқорлық оқиғаларын тектеп-тексеруді, олар туралы БАҚ-тарда жариялауды мақсат тұтады.
Депутаттың айтуынша, «қазіргі жағдаймен бірқатар Қазақстан азаматтарының бұл бастамасын Freedom Network атты танымал халықаралық ұйым қолдап отыр. Басқа халықаралық ұйымдар тарапынан да осындай қолдауға ие боламыз деген сенім бар»,- деді Т.Тоқтасынов.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр