Еліміздің бірқатар жанармай бекеттерінде бензин тағы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің бірқатар жанармай бекеттерінде бензин тағы қымбаттады

Еліміздің бірқатар жанармай бекеттерінде бензин тағы қымбаттады

Қазқстанның бірқатар жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы тағы өсті деп жазады Tengrinews.kz.

  • 17 Наурыз 2017
  • 438
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Helios компаниясының бекеттерінде АИ-92 мен АИ-95 маркалы бензин 1 теңгеге қымбаттаған. Бұған дейін 142 теңгеге сатылып келген АИ-92 енді — 143 теңге, 154 теңгеге сатылып келген АИ-95 — 155 теңге. Ал, АИ-98 бұдан былай 165 теңгеге, АИ-98 Prime 173 теңгеден сатылатын болады.

"Қазмұнайгаз" жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин 2 теңгеге қымбаттаған. Жуырда ғана 139 теңгеден 141 теңгеге өскен бензин бағасы бүгінде 143 теңгеден сатылып жатыр. АИ-95 болса 155 теңгеге дейін өсті.

Sinooil, Royal Petrol және "Лукойл" жанармай бекеттерінде бензин бағасы әзірге өзгеріссіз қалды.


Соңғы жаңалықтар