Еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру 2015-жылға дейін Жалпы Ішкі Өнім құрамындағы тауар өндіру үлесін 46,5 проценттен 50-52 процентке дейін арттыруға мүмкіндік береді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру 2015-жылға дейін Жалпы Ішкі Өнім құрамындағы тауар өндіру үлесін 46,5 проценттен 50-52 процентке дейін арттыруға мүмкіндік береді

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру 2015-жылға дейін Жалпы Ішкі Өнім құрамындағы тауар өндіру үлесін 46,5 проценттен 50-52 процентке дейін арттыруға мүмкіндік береді

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру 2015-жылға дейін Жалпы Ішкі Өнім құрамындағы өндірілген тауар үлесін 46,5 проценттен 50-52 процентке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгін, 19-желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру тетіктерін талқылауға арналған республикалық конференцияда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов осындай пікір білдірді.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 916
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, оның айтуынша, стратегияны жүзеге асыру «Жалпы ішкі өнім құрамындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтің үлес салмағын 2000-жылғы 0,9 проценттен 2015-жылы 1,5-1,7 процентке жеткізуге, ал Жалпы ішкі өнім құрамындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 2000-жылғы 13,3 проценттен 2015-жылы 12-12,6 процентке (ал индустриялық саясатты жүзеге асырмаған жағдайда бұл көрсеткіш 2015-жылы 10,9 процентке жетер еді) дейін азайтуға мүмкіндік береді».

Бұған қоса Қ.Келімбетовтың айтуынша, стратегияны жүзеге асырмаған жағдайда өнеркәсіптік өндіріс құрамындағы тау-кен өнеркәсібі саласының қосалқы құн үлесі 2015-жылы 55-56 процентті, соның ішінде мұнай өндірудегі үлес 50-51 процентке жетуі мүмкін. Ал 2000-жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 31,0 және 25,6 процентті құраған. «Стратегияны жүзеге асыру нәтижесінде тау-кендік өндіріс көлемі небәрі 46-47 процентті құрайтын болады»,- деді ол. Сонымен бірге «ғылыми сыйымдылығы жоғары және жоғары технологиялық өндірістер ауқымы Жалпы ішкі өнімнің 2000-жылғы 0,1 проценттік мөлшерінен 2015-жылы 1-1,4 процентіне дейін жетеді»,- деді Қ.Келімбетов.
Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібінің қосалқы құн құрылымында да сапалық өзгерістер болады деді министр. Оның айтуынша, «өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосалқы құн құрамындағы металлургия және металл өңдеу салсының үлесі 40,1 проценттен 27-28 процентке дейін кемісе, керісінше ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1 проценттен 45-46 процентке дейін өседі. Ал ғылыми сыйымдылығы жоғары және жоғары технологиялық өнімдер үлесі 2000-жылғы 0,6 проценттен 9-11 процентке дейін артпақшы».
«Стратегияны жүзеге асыруға қажетті барлық шешімдер қабылданып, шаралар белгіленді, ендігі жерде оны жүзеге асырудағы табыс тек өзімізге ғана байланысты»,- деп мәлімдеді Қ.Келімбетов. Осыған байланысты министр: «стратегияны жүзеге асыру — мемлекетіміздің барша азаматтары үшін, соның ішінде бірінші кезекте мемлекеттік қызметкерлер үшін басымдық берілген мақсатқа айналуы тиіс»,- деп атап көрсетті.