Жарияланды: 300

Еліміздің кей аумақтарында жаңбыр жауып, жел соғады - синоптиктер

Қазақстан аумағының көптеген бөлігі бүгін бұрынғыдай антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек батыс және солтүстік-батыс өңірлер фронтальдық бөліктердің ықпалында болады, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында кейбір жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кейбір жерлерде тұманның түсуі, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі. Жақын тәуліктерде Батыс Алтай өзендерінде су дейгейінің төмендеуі байқалады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейлерінің аздаған ауытқулары күтіледі. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарының көптеген су нысандарында су бетінің бірте-бірте салқындауы байқалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін