Еліміздің кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады

Еліміздің кей жерлерінде боран соғып, көктайғақ болады

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде жел ұйытқып соғады

  • 8 Желтоқсан 2017
  • 168
Фото - Caravan.kz

 Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын, көктайғақ болып, боран соғады, жел ұйытқиды, оңтүстік, солтүстік пен шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні — 15-20, күндіз ұйытқуы — 23-28 м/с болады.

Қостанай облысында желдің ұйытқуы — 15-20 м/с, кей жерлерде көктайғақ, боран.

Ақмола облысында кей жерлерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.

Алматы облысында синоптиктердің болжауынша, тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында – желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20 м/с.


Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстанда – тұман.