Еліміздің кейбір бөліктерінде ауаның температурасы -8 градусқа дейін төмендейді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің кейбір бөліктерінде ауаның температурасы -8 градусқа дейін төмендейді

Еліміздің кейбір бөліктерінде ауаның температурасы -8 градусқа дейін төмендейді

"Қазгидромет" РМК республиканың солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде ауаның температурасы төмендеп, қар жауатындығы туралы алдын-ала ескерту жариялайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қазан 2003
  • 399
Фото - Caravan.kz

Айталық, 7-8-қазан күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, жаңбырдың соңы қарға ұласады. Бұл облыстарда ауаның температурасы -3 — — 8 градусқа дейін, ал күндіз 0-5 градусқа дейін төмендейді. 8-қазанда Қарағанды облысында да күн райының осындай ахуалы қалыптасады деп күтілуде.