Мамырдың алғашқы жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері де кеміді. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен алғанда өткен аймен салыстырғанда 1,1%-ке ( немесе 98,9 млн. долларға) кеміді.
ҚР қаржы министрлігінің сыртқы қарызын қайтару мен Ұлттық қор активтерін толықтару шаралары үкіметтің Ұлттық банктегі есепшотына түскен түсімдер есебінен бейтараптандырылып, соған байланысты таза валюта қорлары 78 млн. долларға кеміді.
Ал алтын түрінде сақталып отырған активтер Ұлттық банк жүргізген операциялар мен әлемдік нарықтағы алтын бағасының 2,7%-ке арзандауына байланысты 20,9 млн. долларға кеміді.
Тұрақты бағамен алғанда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 0,9 процентке, еркін айырбасталатын валютадағы таза активтер 0,9 процентке кемісе, алтын түріндегі активтер 0,1 процентке артты.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің кемуі 2005 жылғы мамырда ақша базасының 0,4%-ке, немесе, 2 млрд. теңгеге кемуіне себеп болды.