Еліміздің халықаралық резервтері маусым айында 0,8 % өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің халықаралық резервтері маусым  айында 0,8 % өсті

Еліміздің халықаралық резервтері маусым айында 0,8 % өсті

АЛМАТЫ. 4-шілде. Kazakhstan Today. Еліміздің халықаралық резервтері (ағымдағы бағалармен) Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 9 848 млн. долл.) қоса есептегенде тұтастай алғанда бір айда 0,8 % өсіп, 22 931,7 млн. долл. болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2006
  • 412
Фото - Caravan.kz

2006 жылғы маусымда Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағалармен 6,8 % төмендеді. Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін толықтыру бойынша операциялар жүргізу ішкі валюта нарығында валюта сатып алуға және үкіметтің шотына валютаның түсуіне қарамастан таза валюта қорларының 848,8 млн. долл. төмендеуіне әкеп соқтырды. Алтындағы активтер оның әлемдік нарықтағы бағасының төмендеуі нәтижесінде 103 млн. долларға азайды.

Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағалармен 6,2 %, еркін айналмалы валюта түріндегі таза активтер 6,6 % төмендеді, алтын түріндегі активтер өзгерген жоқ.

2006 жылғы маусымда Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің өсуі (үкімет шоттарының төмендеуі) ақша базасының 1,7 % ұлғаюына себеп болды. Бұл ретте тар ақша базасы 9,9%-ке артты.

Перейти к новостям спорта