Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлауынша, Қарағандыдағы басты шаралар Костенко атындағы шахта мен «Испат Кармет» АҚ-ның көмір департаментіне қарасты «Қазақстандық» атты шахтада өтеді. Оқу-жаттығулар барысында су астында қалу немесе метан жарылысы тәрізді апатты жағдайлардағы іс-қызметті үйлестіру жұмыстары пысықталады.
Жаттығулардың сценарийіне Ростов облысы мен Приморье аймағындағы шахталарда болған қайғылы оқиғалар арқау етіп алынды.
Жыл басынан бері Қарағанды облысындағы көмір шахталары мен кеніштерде 19 шахтер мерт болды.