Еліміздің көмір шахталарында командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің көмір шахталарында командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі

Еліміздің көмір шахталарында командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі

10-11-желтоқсанда Қарағанды, Жезқазған және Өскемендегі көмір шахталары мен кен көздерінде командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 364
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлауынша, Қарағандыдағы басты шаралар Костенко атындағы шахта мен «Испат Кармет» АҚ-ның көмір департаментіне қарасты «Қазақстандық» атты шахтада өтеді. Оқу-жаттығулар барысында су астында қалу немесе метан жарылысы тәрізді апатты жағдайлардағы іс-қызметті үйлестіру жұмыстары пысықталады.

Жаттығулардың сценарийіне Ростов облысы мен Приморье аймағындағы шахталарда болған қайғылы оқиғалар арқау етіп алынды.
Жыл басынан бері Қарағанды облысындағы көмір шахталары мен кеніштерде 19 шахтер мерт болды.

Соңғы жаңалықтар