Еліміздің көп бөлігінде бүгін тағы күн ыстық болғалы тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің көп бөлігінде бүгін тағы күн ыстық болғалы тұр

Еліміздің көп бөлігінде бүгін тағы күн ыстық болғалы тұр

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді. Солтүстіктің кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.  Тек республиканың батыс және оңтүстігінде  жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

  • 18 Шiлде 2017
  • 315
Фото - Caravan.kz

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облытарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады. Павлодар, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел15-20 м/с күшейді.

Күндіз Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Алматыда қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік-Қазақстан, Кызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ
: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болуы мүмкін.  Жел солтүстік-батыс,солтүстіктен соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С болады

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С болады.   

Соңғы жаңалықтар