Еліміздің көптеген өңірлерінде тұқым себу науқаны аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің көптеген өңірлерінде тұқым себу науқаны аяқталып келеді

Еліміздің көптеген өңірлерінде тұқым себу науқаны аяқталып келеді

Еліміздің көптеген өңірлерінде тұқым себу науқаны аяқталып келеді. ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің шұғыл ақпаратына сәйкес, 30-мамырдағы жағдаймен республика көлемінде егін шаруашылығына арналған егіс алқаптарының 91,5 процентіне тұқым себілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Мамыр 2005
  • 343
Фото - Caravan.kz

Ауылшаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысында егіс алқаптарының 88 проценті, Солтүстік Қазақтан облысында 93,2 проценті, Қостанай облысында 95,3 процентіне тұқым себілді.

Алматы және Қарағанды облыстарында егістік науқаны аяқталуға жақын. Жамбыл облысында жоспардағыдан 5,8 процентке артық тұқым себілді.
2005-жылы дәнді дақылдарға арналған жалпы егістік алқаптарының ауқымы 13,79 млн. гектарды құраса, бидайға 10,96 млн. гектар, сұлыға 1,239 млн. гектар, дақылдық жүгеріге 91,9 мың гектар, күрішке 78,4 мың гектар алқап арналды.
Майлы дақылдарға 543,3 мың гектар, соның ішінде күнбағысқа 371,9 мың гектар, сафлорға 122,5 мың гектар, соя бұршағына 32,1 мың гектар бөлінді. Қант қызылшасына 19 мың гектар алқап , мақта дақылына 185 мың гектар алқап арналған.

Перейти к новостям спорта