Еліміздің мемлекеттік құрылымдарының өкілдері жұмыс бабындағы сапармен Бакуге барды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің мемлекеттік құрылымдарының өкілдері жұмыс бабындағы сапармен Бакуге барды

Еліміздің мемлекеттік құрылымдарының өкілдері жұмыс бабындағы сапармен Бакуге барды

Еліміздің мемлекеттік құрылымдарының өкілдері жұмыс бабындағы сапармен Бакуге барды. Сапар Әзербайжан экономикалық даму министрлігінің шақыруымен жүзеге асырылуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

  • 9 Наурыз 2004
  • 443
Фото - Caravan.kz

22 адамнан құралған өкілдер құрамында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, көлік және коммуникация министрлігі тәрізді 4 министрліктің (министрдің орынбасары деңгейіндегі) өкілдері, «Қазтарнсфлот» ЖАҚ, «Ақтау теңіз сауда айлағы» РМК,»Қазақстан инжиниринг» ЖАҚ тәрізді бірқатар ұлттық компаниялардың өкілдері бар.

Қазақстандық өкілдердің жетекшісі, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Ләззат Қиыновтың журналистерге хабарлауынша, Баку сапарының мақсаты — «екі жақ та бірдей мүдделі қазіргі бар және алдағы уақытта жасалатын кейбір нақты жобалар туралы талқылау» болмақ.
9-10 -наурыз күндері Бакуде аялдайтын өкілдер тобы Әзербайжанның түрлі министріктері мен мекемелерінде кездесулер өткізеді. Мұнай және мұнайхимиясы, сақтандыру, машина жасау, көлік, әлеуметтік қорғау сынды экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселесі сарапқа салынады деп күтілуде. Сондай-ақ, сапар аясында осында астық терминалын салу мәселесі де талқыланбақшы.
Сонымен бірге, Л.Қиыновтың хабарлауынша, үстіміздегі жылдың сәуір айына ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың Әзербайжанға ресми сапары белгіленген. Оның айтуынша, үкімет басшысы бастап келетін өкілдер құрамына іскерлік саласының өкілдері де енеді. Олар Баку қаласында Әзербайжандық кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық тақырыбын талқылайды.

Соңғы жаңалықтар