ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің ауылшаруашылығы өнім өндірушілерін арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен шешімінің хаттамасына сәйкес «ПМХЗ» ЖАҚ еліміздің барлығы 6 облысына түсім жинау науқаны барысында 93 мың тонна дизельдік отын жөнелтуге тиіс. Бұл облыстардың қатарында Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары бар.
26-қыркүйек, бүгінгі күнгі жағдаймен ауылшаруашылығының өнім өндірушілері тоннасына 185 долларды құрайтын арзандатылған бағамен 85 мың тонна дизельдік отынмен қамтамасыз етілді.
«Бүгінгі таңда күнделікті жөнелтілетін дизельдік отын көлемі 3,5 мың тоннадан кем емес мөлшерді құрап отыр. Осыдан бір апта бұрын зауыт тарапынан жол берілген кестелі мерзімнен кешігу — отын жөнелту қарқынын арттыру есебінен реттелді. Ендігі жерде дихандарды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шарасы мерзімінде аяқталады»,- деді Ж.Сыздықов.