Еліміздің өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұрақты кеңесінің арнаулы жиынына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұрақты кеңесінің арнаулы жиынына қатысады

Еліміздің өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұрақты кеңесінің арнаулы жиынына қатысады

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қыркүйектің 25-28-де еліміздің өкілдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұрақты кеңесінің Венада өтетін арнаулы жиынына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2006
  • 347
Фото - Caravan.kz

Өкілдерді ҚР Мемлекеттік хатшысы — Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары Оралбай Әбдікәрімов бастап барады.

Делегация құрамына ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байқадамов, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, ҚР парламенті сенатының депутаты Қуаныш Сұлтанов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары Дариға Назарбаева және Дарья Клебанова енген.

Е. Ашықбаевтың сөзіне қарағанда, сапар барысында қазақстандық делегация ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің арнайы отырысына және ұйымға қатысушы-мемлекеттердің делегациялары үшін ұйымдастырылатын арнайы брифингке қатысады. Сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы М.П. де Бришамбомен, Сөз бостандығы мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ-ның өкілі М. Харастимен және Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Хельсинки Федерациясының атқарушы директоры А. Родспен кездесулер жоспарланған. Тараптар ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін, ұйымды реформалау, қазақстандық қоғамның демократиялық даму және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселелерін талқылайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта