"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, елімізде ауа райы әлі де құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр, тіпті бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады деген болжам бар.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Ақмола, Батыс Қазақстан,
Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С болады.