Күдікті жалға алған пәтерінде ұсталды. Қазір ол уақытша тергеу қапасында отыр. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Сонымен бірге ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Қордай аудандық есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Тараздың 44 жастағы тұрғынының 242 келі 430 грамм марихуананы сатуға жасаған әрекетіне тосқауыл қойды.
Күдікті шұғыл шаралардың барысында Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылының маңында ұсталды. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.