Caravan Logo

Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +40 градустан жоғары болады

Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +40 градустан жоғары болады

Батыс Сібір арқылы бірінен кейін бірі белсенді циклондар көшуде. Осылармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы жылжып кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды желдің күші 15-25 м/с болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Республиканың батысы мен солтүстігінде фронттардың өтуімен ауа температурасы нормаға жақын және төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта ауа температурасы климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болып сақталады.

Қазақстанның оңтүстігінде, алдағы тәуліктерде өте ыстық болады, осында күндізгі ауа температурасы 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС болады деп болжануда.