Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауған жаңбырдың соңы қарға ұласады
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, деп хабарлайды метеоқызметтің дабылдық ескертуіне негіз жасай отырып Алматы төтенше жағдайлар департаменті. "28 сәуір – 1 мамыр Алматы облысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жер соғады. 30 сәуір – 1 мамырда таулы және тау маңындағы аудандарда қарлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі ықтимал. 30 сәуір—1 мамырда түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 2 градус аяз болады", — делінген хабарламада. Жамбыл облысының аумағында 28 сәуірде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Түнде таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда жауын-шашын мол түседі. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні күшті болады. 29-30 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 3 градус аяз болуы ықтимал. Күндіз 9-14 градусқа дейін жылы болады деп болжанып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында 28 сәуірде мол жауын-шашын түсіп, сенбіге қараған түні қарға ұласады. Кей жерлерде найзағай түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. 28-30 сәуір түнде жердің беткі қабаты қатады деп күтілуде.