Еліміздің оңтүстігінде жаңа шекара заставасы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 508.42
  • 580.72
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің оңтүстігінде жаңа шекара заставасы ашылды

Еліміздің оңтүстігінде жаңа шекара заставасы ашылды

Бүгін Жамбыл облысында жаңа шекара заставасын ашу рәсімі өтті.

  • 30 Қараша 2012
  • 338
Фото - Caravan.kz

ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының хабарлауынша, құрылысы былтыр күзде басталған Шәкіров атындағы застава ең соны үлгідегі қондырғылармен және техникалармен жабдықталған.

«Бұл жерде келісімшарт негізінде жұмыс істейтін офицерлер мен әскери қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер, казармалар, азық-түлік қоймасы, асхана, қызметтік иттерге арналған ғимараттар мен арнайы бөлмелер бар», — делінген хабарламада.
Басқарма деректеріне сүйенсек, сенбі күні көршілес Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында да дәл осындай шекара бекеті ашылмақ.
Соңғы уақытта «Оңтүстік» басқармасында алты шекара заставасы мен бір комендатура ашылып, 60 тұрғын үй пайдалануға берілген.