Тау баурайларын жаңадан жауған қар басып қалуы мен қардың ұзақ уақытқа созылуы көшкін түсуіне түрткі болуы ықтимал, дейді күн райын болжаушылар.
Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысының таулы аудандарында 25-26-қаңтарда қар көшкіндері түседі деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің республикалық дағдарыс орталығынан "Қазгидромет" РМК-ның ескертуіне негіздей отырып хабарлады.
Тау баурайларын жаңадан жауған қар басып қалуы мен қардың ұзақ уақытқа созылуы көшкін түсуіне түрткі болуы ықтимал, дейді күн райын болжаушылар.