Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі биылғы құрғақшылық егіс алқаптарындағы диқандардың еңбегіне елеулі нұқсан келтірді - Ауыл шаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі биылғы құрғақшылық егіс алқаптарындағы диқандардың еңбегіне елеулі нұқсан келтірді - Ауыл шаруашылығы министрі

Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі биылғы құрғақшылық егіс алқаптарындағы диқандардың еңбегіне елеулі нұқсан келтірді - Ауыл шаруашылығы министрі

Астана. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі биылғы құрғақшылық егіс алқаптарындағы диқандардың еңбегіне елеулі нұқсан келтірді. Бұл туралы еліміздің ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Тамыз 2008
  • 616
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев жұмыс сапарымен тамыздың 6-8 күндері Алматы, Жамбыл облыстарының бірқатар шаруашылықтарын аралап көрді. Тамыздың 8-і күні Тараз қаласында оңтүстік облыстардың ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесіп, аграрлық сала үшін, оның ішінде осы оңтүстік өңірлер үшін ауыр тиіп тұрған мәселелерді талқылады.

Биылғы егін орағын дер кезінде ұйымдастырып, аймақ тұрғындарының ішіп-жеміне қажетті астық мөлшерін басқа аймақтардан сатып алу және жем-шөп дайындау мәселелеріне ерекше мән берілді.

Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев : «Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі биылғы құрғақшылық егіс алқаптарындағы диқандардың еңбегіне елеулі нұсан келтірді» -деп мәлімдеді. Алайда озық агротехнологияларды, яғни ылғал мен ресурстарды үнемдеудің ғылыми әдістерін енгізіп тиімді пайдаланған солтүстік аймақтардағы негізгі астық алқаптарында егін бітік шыққанын мысалға келтіріп, өкінішке орай оңтүстік өңірлерде осы технологияларды қолдану деңгейі өте төмен, тіпті жоқтың қасы екенін атап өтті. Сөйтіп қуаңшылыққа тап болған өңірлер аймақ тұрғындарына қажетті астықпен өз-өздерін толық қамтамасыз ете алмайды.

Осы мәселеге байланысты Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев : «Осы уақытқа дейін Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары астықты өңірлермен бидай сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп меморандумға қол қойған жоқ. Яғни, келесі жылдың көктем-жаз мезгілдерінде бұл өңірлерде нан бағасын тұрақтандыру қиын тиуі мүмкін. Сол себептен де қазірден бастап қажетті астық қорын жинап алу керек» — деп мәлімдеді.

Оңтүстік өңірде қуаңшылықтың салдарынан қысқа қажетті мөлшерде мал азығын дайындауда қиыншылықтар туындап отырғана тоқталған министр : «Егер де бұл іске жергілікті биліктен көмек болмаса мал басының күрт азайып, осы саланы көтеру бағытындағы көп жылдар бойы істелген істердің зая кету қаупі бар. Осы орайда Павлодар облысындағы жергілікті атқару органдарының істеп жатқан істері құптарлық», -деп атап өтті.

Сөйтіп Павлодар облысында Ертіс өзенінің бойындағы шабындықтар шаруашылықтарға бөліп берілгенін, сондай-ақ жергілікті бюджеттен шөп шабуға субсидия беру қарастырылғанын, егін орағына арналған арзандатылған дизель отының бір бөлігін арнайы шөп дайындауға бөлгені сияқты тәжрибелерін мысалға келтіріп, барлық облыстар күрделі мәселенің осындай жолдарын табуы керек деп тапсырды.

Сонымен қатар министр суармалы жерлерді тиімді пайдаланып, су ресурстарын үнемдеу мақсатында суарудың алдыңғы қатарлы технологияларын өндіріске кеңінен енгізу қажеттігін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар