Еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде қар көшкіндері түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде қар көшкіндері  түсті

Еліміздің оңтүстік-шығыс өңірінде қар көшкіндері түсті

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында мол жауған қардан кейін жылымық орнауына байланысты кей жерлерде қар көшкіні түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Ақпан 2004
  • 716
Фото - Caravan.kz

Мәселен, «Қазселденқорғау» мемлекеттік басқармасының мәліметіне сәйкес, Алматы облысы Түрген өзенінің бассейнінде жүргізілген зерттеулер көрсетіп бергеніндей, 18-ақпанға қараған түні Есік қаласын Ботан ауылымен жалғастырған автожолдың 23-24-шақырымында жалпы көлемі 194 текше метрді құраған 5 үлкен қар көшкіні түскен. Көшкінің бәрі де жол үстіне түсіп, жол жабылып қалған. Қазір оны тазартуға шаралар қолданылуда.

Сондай-ақ, «Шымбұлақ» станциясы маңында 17-ақпаннан бері Кіші Алматы өзенінің бассейнінде жалпы көлемі 490 текше метрді құрайтын төрт бірдей қар көшкіні түсті. Тағы бір қар көшкіні Медеу мұз айдыны мен Медеу платосын жалғастырған жолға түсті. 18-ақпанда Мыңжылқы су бекетінің маңында бірнеше қар көшкіні түсті.
Ал Үлкен Алматы өзенінің маңында 17-ақпанда қар көшкіні жаппай түсу көрінісі тіркелді. №19-шы көшкін жинау станциясы көшкін көлемін 8000 текше метр деп бағалап отыр. 18-ақпанда №18 және №19 көшкін жинақ бекетінде 1000 текше метрлік екі қар көшкіні түсті.
Шығыс Қазақстан облысының Зырянов ауданында 18-ақпанда Өскемен-Зыряновск тас жолының 63-ші шақырымында көлемі 900 текше метрлік қар көшкіні түсті. Көшкін Пихтовка өзенін бөгеп, автожолды жартылай жауап тастады.
18-ақпанда Зубовская тауында 50 мың текше метрлік қар көшкіні түсті.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінің ескертуіне сәйкес, үлкен ауқымды бөктерлерден түсіп жатқан ылғалды қар көшкіндерінің салмағы ауыр, екпіні қатты болып тұр.

Соңғы жаңалықтар