Еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдары әкімшілік-бюджеттік реформаны жүзеге асыру тиіс - ҚР экономика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдары әкімшілік-бюджеттік реформаны жүзеге асыру тиіс - ҚР экономика министрі

Еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдары әкімшілік-бюджеттік реформаны жүзеге асыру тиіс - ҚР экономика министрі

Еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарын айрықша маңызды стратегиялық мақсат күтіп тұр. Ол - әкімшілік-бюджеттік реформаны жүзеге асыру болмақ. Бұл туралы бүгін, 6-ақпанда агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне орай Астанада өткен республикалық кеңесте ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов хабарлады.

  • 6 Ақпан 2004
  • 838
Фото - Caravan.kz

Қазір «Жергілікті мемлекеттік басқару мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мен ҚР бюджеттік кодексінің жобалары сенаттың қарауында жатқанын хабарлады. Министрдің айтуынша, «заңдар кешікпей қабылданады». Сондықтан аймақ әкімдері оларды жүзеге асыруға дайындық жұмыстарына ерте бастан кірісуі тиіс.

Мәселен, Қ.Келімбетовтың айтуынша, 2004-жылы ауыл, елді мекен және аудандық маңызы бар қалаларда әкімдер аппаратын құрып, оларға заңды тұлға мәртебесін беру көзделіп отыр. Бұл мақсатта 2004-жылы республикалық бюджеттен 2,8 млрд. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, министрдің айтуынша, тұрғындар саны 400 мыңнан жоғары қалаларда басқару тиімділігін арттыру үшін аудандар құру межеленген. 2005-жылдан бастап аталмыш басқару тармағын басқару шығындарын бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруға көшу жоспарлануда. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдер аппараты бұл орайда администратор ролін атқарады.
Сөйтіп, осындай бюджеттік бағдарламаларды әкімшілік басқару, әкімшілік аппараттарын кәсіби дайындығы бар, бюджетті қалыптастыру және оны орындауға қабілетті білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсаттары «дәл қазірден бастап шешуді қажет етеді»,- деді Қ.Келімбетов.
Бюджеттік кодекс 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді. Министрдің айтуынша, соған қарамастан , 2005-жылғы республикалық және жергілікті бюджеттер жобасы аталмыш Кодекс нормасына сәйкес қалыптасуы тиіс. Осыған байланысты бюджетік процессті ұйымдастыру тұрғысында бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр деді министр. Мәселен, аймақ әкімдері қажетті ұйымдастыру шараларын қысқа мерзімде жүзеге асырып, жергілікті атқарушы органдардың өзара жедел ықпалдастығын қамтамасыз етуі тиіс деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар