Еліміздің қаржы секторын жаңалау - қолданыстағы заңдарды айтарлықтай өзгертуді талап етеді - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің қаржы секторын жаңалау - қолданыстағы заңдарды айтарлықтай өзгертуді талап етеді - ҚР үкімет басшысы

Еліміздің қаржы секторын жаңалау - қолданыстағы заңдарды айтарлықтай өзгертуді талап етеді - ҚР үкімет басшысы

Бүгін, 6-қыркүйекте үкіметте Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте республиканың қаржы секторын реформалауды тереңдету жөніндегі өзге шаралар мен "Секъютеризация туралы" заң жобасы тұжырымдамасының кейбір тұстары қаралды. Кеңес алдағы уақытқа белгіленген жобалық облигациялар шығару шарасына арналып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қыркүйек 2004
  • 492
Фото - Caravan.kz

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта елімізде бір жағынан, зейнетақы қорлары мен банктерде бос қаржылық ресурстар жинақталып, олар кірісі төмен мемлекеттік бағалы қағаздарға салынса, екінші жағынан — инфрақұрылымдық нысандарды қаржыландыруға бюджет қаржысы жетіспейтін екіұшты жағдай қалыптасып отыр. Сарапшылар күрделі жағдайдан шығудың екі жолын ұсынуда: біріншіден, нақты заңдар қабылдай отырып нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін жобалық облигациялар шығару. Екіншісі, осындай жобаларға тартылған қаржы есебінен институционалдық инвесторлар арасында сату үшін ұлттық компаниялардың акцияларының қосымша эмиссиясын шығару.

Ал мамандардың пікірінше, «Секъютеризация туралы» заң капиталды көп мөлшерде талап ететін салада ішкі қаржы көздерін қайта бөлудің ең қолайлы нарықтық тетігі болмақ. Сондай-ақ, ол тәуекелділіктерді басқарудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Талқылау барысында үкімет басшысы қатысушылардың басты назарын мына фактіге, яғни еліміздің қаржыландыру секторын реформалау аясында қолданыстағы заңнаманы елеулі түрде жаңартуға және осы аралықта әлемдік тәжірибені ескеруге тура келетініне аударды. Атап айтқанда, мұндай тәжірибе Германия, Италия және өзге де әлем елдерінде бар, тіпті, Италия өз қаржы секторын реформалауда едәуір жетістікке қол жеткізген көрінеді.
Сондай-ақ Даниал Ахметов заң жобасы тұжырымдамасының экономиканың нақты секторына институционалдық инвесторлар тартуға бағытталған идеологиясын толықтай қолдай келе, аталған құжатпен жұмыс үстінде республиканың барлық қаржы рыногын қарастыруды және кешенді зерттеуді қарастыратын жүйелі қадамның қажеттігіне тоқталды.
Кеңестің қорытындысы бойынша премьер-министр тиісті құрылымдарға қаржылық салада қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар дайындау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруды, заң жобасын биылғы жылдың қыркүйегінің соңында дейін пысықтауды тапсырды.

Перейти к новостям спорта