Алдағы «KADEX-2016» көрмесі Астанада маусымның 2-і мен 5-і аралығында өтеді. Аталған көрменің басты мақсатының бірі Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін жандандыру болып табылады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Астанада өтетін «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің статикалық экспозициясын ұйымдастыру үшін 15 мыңдай шаршы метр, сондай-ақ, 8 жабық павильон бөлінген. Мұнда 300 ден аса әскери техника өндіруші компаниялар өз өнімін көрмеге ұсынбақшы. . Бұл ретте, шетелдік қатысушылардың, сондай-ақ, таяу және алыс шетелдердің өкілдерінен өтінімдер күн сайын келіп түсуде.
Аталған көрме билыл осымен үш мәрте өткізілді. Оның басты нәтижесі әртүрлі мақсаттағы оптикалық-электрондық аспаптарды шығару бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру, радиолокация және радиоэлектрондық күрес жүйелерін шығару .