Жарияланды: 2000

Еліміздің қозғалыс жас инспекторлары республикалық слетке дайындалуда

Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында Алматы облысында қозғалыс жас инспекторларының (ҚЖИ) республикалық слетінің ашылуы болады,

оған Қазақстанның барлық өңірлерінен және Астана және Алматы қалаларынан өңірлік жарыстардың жеңімпаздары, сондай-ақ Қырғызстан және Ресей командалары, барлығы 200-ге жуық бала қатысады, деп хабарлады ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз қызметі. Слеттің негізгі міндеттері - балалар және жасөспірімдер арасында жол қозғалысы ережелерін насихаттау, жолдарда балалар жарақатының алдын алу. Алғашқы қозғалыс жас инспекторлары 1973 жылы (ҚЖИ жасағын құру туралы БЛКЖО ОК хатшылығы, КСРО Ішкі істер министрлігі алқасының, КСРО Білім беру министрлігі алқасының бірлескен қаулысымен қабылданды) пайда болды. 1978 жылы ҚЖИ жасағының Бүкілодақтық слеті Дондағы Ростов қаласында өткізілді. Қазақстанда ҚЖИ республикалық слеттері Алматы қаласында 1982 жылы, Ақтөбе қаласында 1987 жылы, 1989 жылы Қарағанды қаласында өткізілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осындай слеттер ұзақ уақыт өткізілген жоқ. Ал 2001 жылы Қазақстан Республикасының ІІМ Жол полициясы комитеті жас жол қозғалысы инспекторларының қозғалысын қайта жандандырып, Қазақстан Республикасының тұңғыш ҚЖИ слетін Алматы қаласында өткізуге бастамашылық көрсетті. Содан бері жас инспекторлар жарысын жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Өткен жылы Алматы облысының облыстық командасы сайыстың жеңімпазы болып танылған еді, сондықтан биылғы жарыс Жетісуда өткізіліп отыр. Слеттің бағдарламасында 10 аталымнан тұратын жарыстар көзделген, олар: саптық қарау, жас реттеушілер, жол қозғалысы ережелерінің білгірлері, жас санитаршылар, білімдарлар сайысы, жас насихатшылар, үгіт бригадалары конкурсы, жас тілшілер, командирлер конкурсы және «Қауіпсіз доңғалақ» велосипедшілер жарысы. Жас инспекторлар қозғалысы, оның слеттері, конкурстары жалпы білім беру процесін тереңдетуге ықпал жасайды, өсіп келе жатқан ұрпақтың мәдени деңгейіне едәуір игі әсер етеді, кішкентай азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі, балалар жол-көлік жарақатының жағдайына оң әсер етеді. Өмір бір орында тұрып қалмайды. ҚЖИ қозғалысы жұмыстың жаңа бағыттарымен байыды, одан сайын ауқымды, қызықты және пайдалы бола бастады. «Қозғалыс жас инспекторлары» асқақ атауы бар балалар, Отанының лайықты азаматтары болып өседі, қайырымды өмір салтының, айналадағыларға сыйластық қатынаста серіктес болады, бүгінгі күнде жолдарда тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндерге лайықты ұрпақ болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть